5 сағат бұрын
«Барселона» Испания чемпионатында ірі жеңіске жетті
2025/2026 маусымындағы Испания Ла Лигасының 26-турындағы «Барселона» мен «Вильярреал» арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесудегі алғашқы голды 28-минутта «Барселонаның» шабуылшысы Ламин Ямаль соқты. 37-минутта ол тағы бір гол салып, дубль жасады. Екінші таймның басында «Вильярреалдың» жартылай қорғаушысы Пап Гейе бір голмен есеп айырмасын қысқартты. Ал 69-минутта Ямаль хет-трик рәсімдеді. Қонақтардың ірі жеңілісін 90+1-минутта Роберт Левандовски түйіндеп, матчтың соңғы есебін белгіледі — 4:1.
Испания чемпионатындағы 26 матчтан кейін «Барселона» 64 ұпай жинап, турнир кестесінің көшін бастап тұр. «Вильярреал» 51 ұпаймен үшінші орында орналасқан.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов