4 сағат бұрын
6 боксшымыз «Странджа» турнирінің финалына шықты
Бокстан Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан 77-ші «Странджа» турнирінде отандастарымыз үшін жартылай финал аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Күндізгі сессияда Элина Базарова (54 келі), Лаура Есенкелді (65 келі), Надежда Рябец (80 келі), Валерия Аксенова (+80 келі) финалға жолдама алса, кешкі сессияда Даниал Сәбит (50 келі) мен Фарух Тоқтасынов қарсыластарының бас тартуына байланысты финалға өтті.
Ал Анель Сақыш (54 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Дина Исламбекова (+80 келі) турнирдің қола жүлдегері атанды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов