2 күн бұрын
Қазақстан боксшылары бүгін алты алтынға таласады
Бүгін, 1 наурызда, Болгария астанасы Софияда дәстүрлі халықаралық Странджа кубогы турнирінің финалдық жекпе-жектері өтеді.
Алты қазақстандық боксшы алтын медаль үшін шаршы алаңға шығады. Барлық айқастар күндізгі сессия аясында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 17:00.
1 наурыз. Күндізгі сессия (17:00)
2-жұп. 54 кг (әйелдер):
Элина Базарова – Лорен Макки (Англия)
5-жұп. 65 кг (әйелдер):
Лаура Есенгелді – Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
8-жұп. 80 кг (әйелдер):
Надежда Рябец – Ярен Дузтас (Түркия)
9-жұп. 80+ кг (әйелдер):
Валерия Аксенова – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)
11-жұп. 50 кг (ерлер):
Даниял Сабит – Билалхабаши Назаров (Әзербайжан)
15-жұп. 70 кг (ерлер):
Фарух Тоқтасынов – Лавант Броунли (АҚШ)
Айта кетейік, «Странджа кубогы» Еуропадағы ең көне бокс турнирлерінің бірі саналады және бейресми түрде «кіші әлем чемпионаты» деп аталады. 2026 жылы жарыс 77-рет ұйымдастырылып отыр.
Биыл турнирге Қазақстаннан 39 боксшы қатысқанымен, финалға тек алтауы ғана жолдама алды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»