9 сағат бұрын
Лаура Есенкелді «Странджа» турнирінің күміс жүлдегері атанды
Бокстан София қаласындағы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
2025 жылғы Қазақстан чемпионы, 65 келідегі Лаура Есенкелді финалда әлем чемпионатының 3 мәрте жүлдегері Навбахор Хамидовамен жолықты.
3 раунд бойы қос спортшы да аңдысып өтіп, Өзбекстан өкілі 5:0 есебімен басым түсті.
Лаура Есенкелдінің жарыстағы жолы:
1/8 финал. Мэри-Энджелис Росендо (АҚШ) - 5:0
1/4 финал. Андра Кринута Себе (Румыния) - 5:0
1/2 финал. Грейн Уолш (Ирландия, әлем чемпионатының қола жүлдегері) - 4:1
Айта кетейік, Болгариядағы турнирдің финалына Қазақстан құрамасынан 6 боксшы шыққан еді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов