6 сағат бұрын
Боксшы аруларымыз Болгариядағы турнирде 3 алтын жүлде алды
Бокстан әйгілі "Странджа" турнирінде әйелдер құрамасы 3 алтын, 3 қола медаль иеленді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жастар арасында әлем чемпионы Элина Базарова (54 келі) финалда англиялық Лорен Маккиді 5:0 есебімен тізе бүктіріп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды.
Отандасымыз турнир барысында бұдан бұрын 1/8 финал. аустриялық Моник Сурачиді 4:1, ¼ финалда түркиялық Айшен Ташкын 5:0, ½ финалда тағы бір отандасымыз Анель Сақышты 3:2 есебімен қапы қалдырды.
Қазақстандық тағы бір былғары қолғап шебері Надежда Рябец (80 келі) ақтық сында Түркия өкілі Ярен Дузтаспен күш сынасты. Үш раундта да отандасымыз айқын басымдығын танытып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.
Ел құрамасы қоржынына тағы бір алтын медаль 80 келіден жоғары салмақта түсті. Бұл салмақта өзін жақсы көрсете білген Валерия Аксенова финалда Өзбекстанның спортшысы Олтиной Сотимбоеваны 5:0 есебімен жеңіп кетті.
Тағы бір отандасымыз Лаура Есенкелді (65 келі) финалда әлем чемпионатының 3 мәрте жүлдегері Навбахор Хамидоваға 0:5 есебімен есе жіберді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов