19 сағат бұрын
Александр Усик Украина президенті болу мүмкіндігіне қатысты сұраққа жауап берді
WBC, WBA, IBO және IBF нұсқалары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усик Украина президенті қызметіне үміткер болу ниетін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Боксшының айтуынша, ол тағы бірнеше жыл спортта өнер көрсетіп, содан кейін саясатқа баруды жоспарлап отыр.
Болашақ жоспарларыңды айтшы. Спорттық мансабың туралы.
— Тағы екі жылдай боксқа шығуды жоспарлап отырмын. Ал одан кейін мемлекетке қызмет ету жоспары бар.
Сонда бәрібір Конотоп қаласының әкімі боласың ғой?
— Жоқ. Қарашы, мен президенттен төмен лауазымға бармаймын.
Айта кетейік, Александр Усик Лондон Олимпиадасының чемпионы саналады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов