7 сағат бұрын
Бокстан Қазақстан құрамасының Алматыда дайындықты бастап кетті
Фото: Қазақстан ҰОК
Бокстан Қазақстан құрамасының бірінші нөмірлі спортшылар Алматыда дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
12 наурызда екінші дайындық кезеңіне көшеміз. Одан кейін Азия чемпионаты ұйымдастырылады. Осылайша, Азия ойындарына дейін төрт дайындық циклі өтеді. Бұдан бөлек, АҚШ-та оқу-жаттығу жиындары жоспарланған. Соңғы оқу-жаттығу жиыны Жапонияда ұйымдастырылады
- Қазір нақты жоспарымыз бар. Азия чемпионатынан кейін ұлттық құраманың тізімі белгілі болады. Азия ойындарында алты салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынады. Оған қоса алда екі Әлем кубогының кезеңі өтеді. Бірінші кезең Бразилияда, екінші кезең Қытайда ұйымдастырылады. Сондықтан іріктеуге әлі уақыт жеткілікті. Барлығын саралап, асықпай шешім қабылдаймыз, - деді бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Нұржан Насанов.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»