3 күн бұрын
Нұржан Насанов: Болгариядағы турнирде 3 салмақтағы боксшыларымыз сенімді ақтай алмады
Ұлттық құраманың бас бапкері Нұржан Насанов Азия чемпионатына іріктеу қай салмақта жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Аталған турнир бізге қай тұста кемшілік барын, қай бағытта жұмыс істеу керектігін нақты көрсетті. Мәселен, 65 келі салмақта үш боксшыны сынап көрдім. 60 келіде Бейбарыс Жексен мен Руслан Күзеубаевқа мүмкіндік берілді. Өкінішке қарай, олар жарысты жеңіспен аяқтай алмады. Ауыр салмақта да кішігірім мәселелер бар. 80 келіде Санжарәлі Бегалиевті байқап көрдік, Бірақ ол да жүлдеге жете алмады. Енді бапкерлер штабымен, федерациямен ақылдасып, шешім қабылдаймыз", - деді Нұржан Насанов.
Айта кетейік, 23 ақпан - 1 наурыз аралығында жалғасқан "Странджа" турнирінде ерлер құрамасынан 19 боксшы қатысып, 1 алтын, 1 күміс медальді жеңіп алды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов