8 сағат бұрын
Өзбекстаннан келген Саят Ілиясов қай облыстың атынан жұдырықтасады?
Өзбекстан құрамасында жүрген қандасымыз Саят Ілиясов енді Қазақстан атынан шығады, деп хабарлайды Sport12.kz
Ол ішкі біріншілікте Маңғыстау облысы атынан сынға түседі. Осы тұрғыда Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Рауан Игенев оның алдағы әлеуеті жайында айтты.
«Саят Маңғыстау облысының атынан өнер көрсеткісі келетінін білеміз. Ол біздің боксшылармен бірге оқу-жаттығу жиындарына да қатысқан. Бірақ, ең алдымен Саят Қазақстан азаматтығын алуы керек және Қазақстан бокс федерациясына қажетті құжаттарды тапсыруы тиіс. Сонымен қатар, өзін іс жүзінде дәлелдеуі қажет, яғни, Қазақстан чемпионатында жүлдегерлер қатарына енуі керек», — деді Рауан Игенев.
Еске сала кетейік, боксшы 65 келіде өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов