4 сағат бұрын
Бақыт Сәрсекбаев Таиландқа аттанар алдында тосын мәлімдеме жасады
Фото: Бақыт Сәрсекбаевтың парақшасынан
Бокстан Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев жылдағы әдетімен базарға барып қазы алмағанын айтты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде бас бапкер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
- Ал кеттік біз! Бұл жолы базарға барып, қазы алмадым, спонсор ағайындар аман болсын. Жастарға сәттілік тілейміз ба, ағайын? - деп жазылған әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетсек, ол бұдан бұрын халықаралық жарыстарда боксшыларға арнап қазы сатып алатынын айтқан еді.
Айта кетсек, Қазақстанның 19 жасқа дейінгі боксшылар құрамасы алғаш рет Бангкокте (Таиланд) өтетін халықаралық Futures Cup турниріне қатысады.
Бақыт Сәрсекбаев бұдан былай жастар құрамасының тізгінін ұстайды. Ол бұл қызметте Мақсат Бақтыбазаровтың орнын басты.
Сәрсекбаев Бақыт Абдрахманұлы 1981 жылдың 29 қарашасында дүниеге келген. Олимпиада чемпионы (Бейжің-2008), Азия Ойындарының жеңімпазы (Доха 2006), үш дүркін Азия чемпионы.
2024 жылдың.желтоқсан айынан U22 командасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»