Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

20 сағат бұрын

Дмитрий Бивол: Нұралы Әліптен жақсы боксшы шығады

Дмитрий Бивол: Нұралы Әліптен жақсы боксшы шығады

Ресейлік боксшы, жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Бивол «Зенит» клубының қай ойыншысы бокста мансап құруға жақсы мүмкіндікке ие екенін айтты, деп хабарлайды Sport12.kz

«Онда Нұралы Әліп бар. Қазақстандық қорғаушы. Ол жұмыс істеп көруге, бокспен айналысып көруге ниет білдірген сияқты. Менің білуімше солай. Менің ойымша, оның бокста өзін сынап көруге жақсы мүмкіндіктері болуы мүмкін.

Ал «Зенитпен» ынтымақтастық туралы айтсақ, маған қуаныш сыйлайды. Бұл Ресейдегі ең үздік футбол клубтарының бірі. Мен кішкентай кезімде «Зениттің» кейбір матчтарына барып жүретінмін. Енді біз серіктестік, екі жаққа да тиімді шарттармен жұмыс істей алатынымыз қуантады», — деді Бивол.

Айта кетейік, Нұралы Әліп Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны саналады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»