Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

WBO қазақстандық жеңілмеген боксшыны рейтингтен шығарды

WBO қазақстандық жеңілмеген боксшыны рейтингтен шығарды

Қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (20-0, 13 КО) екінші жартылай жеңіл салмақта World Boxing Organization (WBO) рейтингінен шығарылды.

Ұйым жариялаған жаңартылған рейтингте бұған дейін 14-орында тұрған Заурбек топ-15 тізімінен тыс қалды. Ал осы салмақтағы WBO нұсқасы бойынша «суперчемпион» атағы мексикалық Эмануэль Наваррете иелігінде.

Рейтингтің алғашқы үштігінде филиппиндік Чарли Суарес, австралиялық Лиам Уилсон және жапониялық Кеничи Огава орналасқан.

Айта кетейік, Сұлтан Заурбек соңғы жекпе-жегін 5 сәуірде Астана қаласында өткізді. Ол кездесуде оңтүстікафрикалық Азинга Фузиле (18-3, 12 КО) боксшысын төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»