1 күн бұрын
Мадиев Бангкокта чемпиондық белбеуін қорғайды
Қазақстандық боксшы Руслан Мадиев (18-2-1, 6 КО) келесі жекпе-жегін 4 сәуір күні өткізеді. Бұл туралы оның қарсыласы белгілі болғаннан кейін хабарланды.
Мадиев рингке Бангкок қаласында (Таиланд) оралады. Irfin Promotions промоутерлік компаниясының мәліметінше, қазақстандық боксшының қарсыласы франциялық Флоран Дерви (14-3, 9 КО) болмақ. «Тигр» лақап атымен танымал боксшымен өтетін жекпе-жекте Мадиевке тиесілі World Boxing Association ұйымының WBA Asia тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу сарапқа салынады.
Руслан Мадиев соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 4 қазанында дәл осы Бангкок қаласында өткізген. Сол кездесуде ол намбиялық Абед Шиконго (12-1-1, 7 КО) боксшысын төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді.
Ал Флоран Дерви соңғы рет 7 ақпанда рингке шығып, Таиланд астанасында жергілікті боксшы Киттисак Клинсон (11-3-1, 7 КО) қарсы кездесуде нокаутпен жеңіске жетті.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»