Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Бокстан Манарбек Ихсановты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпаздары белгілі болды

Бокстан Манарбек Ихсановты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпаздары белгілі болды

Бокстан Астана қаласында 5-9 наурыз аралығында өткен жастар арасында ҚазКСР чемпионы Манарбек Ихсановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz

5 күнге жалғасқан халықаралық додада 2010-2011 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер 14 салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Айта кетейік, бәсекеге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және еліміздің 20 өңірінен келген 300-ге жуық жас боксшы қатысты.

Жеңімпаздар:

44 келі. Азамат Бектемір (Астана қ.)

46 келі. Асылжан Алпан (Ақмола обл.)

48 келі. Александр Смагин (Ақмола обл.)

50 келі. Харун Есенжан (Атырау обл.)

52 келі. Бақдаулет Құралбай (Жамбыл обл)

54 келі. Бехруз Омаров (Тәжікстан)

57 келі. Елмурат Кукенов (Қырғызстан)

60 келі. Арыстан Ходжибаев (Жамбыл обл.)

63 келі. Нұртас Әлімбай (Жамбыл обл.)

66 келі. Бекет Сағызбаев (Қарағанды обл.)

70 келі. Даниал Аймаханов (Ақтөбе обл.)

75 келі. Диас Нұрмағанбет (Шымкент қ.)

80 келі. Емил Оспанов (Шымкент қ.)

+80 келі. Асанәлі Дарбаев (Ақмола обл)

Жалпы есепте Жамбыл мен Ақмола облысынан ең көп 3 чемпионнан шықса, көршілес Қырғызстан және Тәжікстан өкілдері де 1 алтынмен үйлеріне қайтты.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»