4 сағат бұрын
Бивол Александр Усикпен бір рингте шығуы мүмкін
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы, ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың (23-0, 12 КО) Германиядан шыққан міндетті қарсыласы Михаэль Айфертпен (13-1, 5 КО) болатын жекпе-жекке арналған саудасын тоқтатты.
Журналист Дэн Рафаэльдің мәліметінше, боксшылардың командалары кездесуді өткізуді өзара келістіріп, IBF-ке хабарлаған. Айта кету керек, Бивол мен Айферттің өкілдері арасындағы келіссөздер бірнеше айға созылған, ал промоутерлік саудалар бірнеше рет кейінге шегерілген.
Болжам бойынша, Дмитрий Бивол мен Михаэль Айферт арасындағы жекпе-жек 23 мамырда Мысырда өтеді және Гиза пирамидалары жанында ұйымдастырылатын үлкен бокс кешінің бөлігі болады. Осы кештің басты жекпе-жегінде украин боксшы Александр Усик WBC нұсқасы бойынша супер ауыр салмақтағы титулын қорғап, танымал нидерландтық кикбоксшы Рико Верхувенмен кездеседі.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»