Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Әлімханұлы қашан чемпиондық жекпе-жекке орала алады?

Әлімханұлы қашан чемпиондық жекпе-жекке орала алады?

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылғаннан кейін титул үшін қайта күресу мүмкіндігіне ие болатыны белгілі болды.

10–11 наурызға қараған түні Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы чемпиондық белбеуді бос деп жариялады. Бұған Әлімханұлының мельдонийге оң нәтиже көрсеткен допинг-сынағына байланысты уақытша шеттетілуі себеп болған. Осыған байланысты қазақстандық боксшы белгіленген мерзімде титулын қорғай алмады.

Boxingnews24.com мәліметінше, дисквалификация мерзімі аяқталғаннан кейін Әлімханұлы IBF желісі бойынша қайтадан чемпиондық жекпе-жекке үміткер бола алады. Алайда ол биылғы жылдың соңына дейін бұл титулға таласа алмайды.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын сақтап қалды. Дегенмен ұйым оны 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін жарыстардан шеттеткен.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»