Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Қазақстандық боксшы жартылай финалға өтті

Қазақстандық боксшы жартылай финалға өтті

Қазақстандық боксшы Владислав Саможонов Таиландта өтіп жатқан U‑19 World Boxing Futures Cup турнирінде жүлдеге қол жеткізді.

Аса ауыр салмақ дәрежесіндегі (90 кг-нан жоғары) ширек финалда қазақстандық спортшы жаңа зеландиялық Те Ани Ракетемен қолғап түйістірді. Екінші раундта Саможонов қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша қазақстандық боксшы жартылай финалға шығып, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.

Айта кетейік, жарыс Бангкокта (Таиланд) өтіп жатыр және 15 наурызға дейін жалғасады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»