5 сағат бұрын
4 боксшымыз Таиландтағы турнирде қарсыластарын нокдаунға түсірді
Бүгін, 11 наурыз күні Таиланд астанасы Бангкок қаласындағы жарыста 6 отандасымыз шықты, деп хабарлайды Sport12.kz
50 келідегі Арман Мырсабит екі жекпе-жек қатарынан қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. Ал аса ауыр салмақтағы Владислав Саможонов ерлер құрамасынан алғаш болып, жартылай финалға жолдама алды.
Ал 60 келідегі Досжан Жұмақан 2025 жылы Иорданияда өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының финалында Бобомурод Боймирзаевты жеңген еді. Осы жолы қос боксшының жолы ерте түйісті. Отандасымыз 3 раунд бойы ширақ қимылдап, кезекті рет мерейі үстем болды.
70 келі. В рингі. 1/16 финал
Бибарыс Әшірбай - Анас Абсоул (Иордания) - 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді.
+90 келі. А рингі. 1/4 финал
Владислав Саможонов - Ти Ани Рекит (Жаңа Зеландия) - 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді.
50 келі. В рингі. 1/8 финал
Арман Мырсабит - Абдрахим Овузгулиев (Түркіменстан) - 1-раундта техникалық нокаутпен жеңді.
60 келі. А рингі. 1/8 финал
Досжан Жұмақан -Бобомурод Боймирзаев (Өзбекстан) - 4:1
75 келі. В рингі. 1/16 финал
Даниял Шалқарбай - Сонни Мередиз (Канада) - 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді.
6-жұп. 55 келі. А рингі. 1/16 финал.
Едіге Нұрқожа - Абдурасул Арсланов (Түркіменстан) - 0:5
Айта кетейік, Дакардағы жазғы жасөспірімдер Олимпиадасына лицензия үлестірілетін бәсекеде әлемнің 78 мемлекетінен 500-ге жуық боксшы сынға түсіп жатыр.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов