Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Хамза Мақсатұлы Таиландтағы турнирде техникалық нокаутпен жеңіске жетті

Хамза Мақсатұлы Таиландтағы турнирде техникалық нокаутпен жеңіске жетті

Таиландта Қазақстан құрамасының қатысуымен өтіп жатқан «Future Cup» («Болашақ кубогы») турнирі жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz.

75 келідегі Хамза Мақсатұлы Тәжікстан өкілі Исфандиор Хасимовпен жекпе-жек өткізді.

Алғашқы раундтан бастап қазақстандық боксшы соққылардың әртүрлілігі, шабуылдары, жылдамдығы және қозғалысы арқылы өз басымдығын көрсетті. Раунд соңына қарай Хамза ауыр соққысымен қарсыласын нокдаунға жіберді.

Нәтижесінде төреші тәжік боксшысын екінші раундқа шығармады.

Осылайша Хамза Мақсатұлы Бангкокта өтіп жатқан Future Cup (U19) турнирінің жартылай финалына шықты.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»