Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

10 сағат бұрын

Қазақстандық 5 боксшы Futures Cup турнирінде алтынға таласады

Қазақстандық 5 боксшы Futures Cup турнирінде алтынға таласады

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан Futures Cup халықаралық турнирде бүгін, 14 наурызда қазақстандық бес боксшы финалға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ел құрамасынан күндізгі сессияда сегіз спортшы жартылай финалда жекпе-жек өткізді. Олардың 5-уі жеңіске жетсе, 3-уі қарсыласына есе жіберіп қойды.

Күндізгі сессия

3-жұп. 57 келі. А рингі. 1/2 финал. Ақнұр Тұрсынғали – Брижана Епперсон (АҚШ). Жекпе-жек үшінші раундта қазақстандық боксшының жеңілісімен тоқтатылды.

5-жұп. 70 келі. А рингі. 1/2 финал. Камила Оспанова – Марлей Макнили (АҚШ) 3:2

7-жұп. 75 келі. А рингі. 1/2 финал. Зарина Толыбай –Майсса Кермезиан (Франция) 0:5

7-жұп. 80 келі. В рингі. 1/2 финал. Айдана Убайдуллақызы – Зи Мей Анх Дам (Вьетнам). Қазақстандық боксшы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

11-жұп. 60 келі. А рингі. 1/2 финал. Досжан Жұмақан – Давид Харутюниан (Франция) 4:1

12-жұп. 70 келі. А рингі. 1/2 финал. Бибарыс Әшірбай – Марован Жафри (Марокко) 5:0

13-жұп. 85 келі. В рингі. 1/2 финал. Нұрсұлтан Қыстаубай– Ангел Бланкарт Велазгес (АҚШ) 2:3

14-жұп. 90 келі. А рингі. 1/2 финал. Жалғас Утебеков – Энтони Пати (Самоа) 5:0.

Енді ел құрамасынан екі боксшы кешкі сессияда бақ сынайды.

Кешкі сессия. 15:00

4-жұп. 75 келі. В рингі. 1/2 финал. Хамза Мақсатұлы – Исмайл Оразмурадов (Түркіменстан)

5-жұп. 80 келі. А рингі. 1/2 финал.Тимур Тайбеков – Усман Капаров (Қырғызстан).

Беделді бәсеке 8-15 наурыз аралығында өтеді.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»