8 сағат бұрын
Futures Cup турнирінде қазақстандық тағы бір боксшы финалға шықты
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан Futures Cup халықаралық турнирінде бүгін, 14 наурызда қазақстандық Хамза Мақсатұлы (75 келі) финалға шықты.
Отандасымыз жартылай финалда түркіменстандық Исмайл Оразмурадовпен қолғап түйістірді. Нәтижесінде қарсыласынан 5:0 есебімен басым түскен еді.
Қазірге дейін ел құрамасынан Камила Оспанова (70 келі), Айдана Убайдуллақызы (80 келі), Досжан Жұмақан (60 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Жалғас Утебеков (90 келі) финалға жолдама алса, Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) Зарина Толыбай (75 келі), Нұрсұлтан Қыстаубай (85 келі) қола жүлдегер атанды.
Енді ел құрамасынан 80 келіде отандасымыз.Тимур Тайбеков қырғызстандық Усман Капаровпен қолғап түйістіреді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»