8 сағат бұрын
Futures Cup: қазақстандық боксшылар 11 медаль алды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Бокстан 8-15 наурыз күндері аралығында 19 жасқа дейінгілер арасында өткен Futures Cup бәсекесі аяқталды, деп хабаралйды Sport12.kz.
Қазақстан сапынан 19 боксшымыз ел намысын қорғап, 4 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль еншіледі.
Алтын
Айдана Убайдуллақызы (80 келі)
Досжан Жұмақан (60 келі)
Хамза Мақсатұлы (75 келі)
Бибарыс Әшірбай (70 келі)
Күміс
Жалғас Утебеков (90 келі)
Камила Оспанова (70 келі)
Тимур Тайбеков (80 келі)
Владислав Саможонов (+90 келі)
Қола
Ақнұр Тұрсынғали (57 келі)
Зарина Толыбай (75 келі)
Нұрсұлтан Қыстаубай (85 келі)
Айта кетейік, Дакардағы жазғы жасөспірімдер Олимпиадасына лицензия үлестірілетін бәсекеде әлемнің 78 мемлекетінен 500-ге жуық боксшы сынға түсті.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»