Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

Бокстан Таиландтағы турнирдің жалпы есебінде қай ел топ жарды?

Бокстан Таиландтағы турнирдің жалпы есебінде қай ел топ жарды?

Бангкокта (Таиланд) бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында алғаш рет өткен Futures Cup U-19 турнирі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша, қазақстандық боксшылар төрт алтын, төрт күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

Осы нәтижемен Қазақстан медальдық есепте екінші орынға ие болды. Алтын медаль саны бойынша Қазақстан, Өзбекстан және АҚШ — төрт алтыннан иеленді. Дегенмен Қазақстан өзбекстандықтардан бір күміс медальға қалып қойса, АҚШ құрамасынан алда тұрды.

Жарыста алтын медаль алған елдер: Өзбекстан, Қазақстан, АҚШ — 4; Англия, Франция, Самоа, Үндістан, Италия, Украина, Жапония, Грузия — 1.

Жалпы турнирде Қазақстан құрамасы 11 медаль еншіледі: төрт алтын, төрт күміс және үш қола.

Алтын медаль иегерлері:

Айдана Убайдуллақызы (80 келі),

Досжан Жұмахан (60 келі),

Хамза Мақсатұлы (75 келі),

Бейбарыс Әшірбай (70 келі).

Күміс жүлдегерлер:

Жалғас Өтебеков (90 келі),

Камила Оспанова (70 келі),

Тимур Тайбеков (80 келі),

Владислав Саможонов (90+5 келі).

Қола жүлдегерлер:

Нұрсұлтан Қыстаубай (85 келі),

Ақнұр Тұрсынғали (57 келі),

Зарина Толыбай (75 келі).

Айта кетейік, бастапқыда Futures Cup турниріне Қазақстан құрамасының өтінімінде 19 боксшы болған (10 ер адам және 9 әйел).


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»