6 сағат бұрын
Бақыт Сәрсекбаев: алда әлі ірі жарыстар күтіп тұр
Бокстан Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев Бангкокта өткен «Futures Cup» турнирінің қорытындысына пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Бұл турнирде қазақстандықтар өте жақсы нәтиже көрсетті. Бапкерлерге үлкен рақмет. Енді біздің алға қойған үлкен жоспарларымыз бар. Алда Олимпиада мен әлем чемпионаттары күтіп тұр. Соған дайындаламыз. Жігіттердің қандай қателіктері бар екенін көрдім. Сол қателіктермен жұмыс істеп, түзетеміз. Мен алғаш рет бас бапкер ретінде жігіттерді осындай турнирге алып бардым», — деді Сәрсекбаев.
Айта кетейік, жарыста Қазақстан құрамасы 4 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль еншілеп, жалпы есепте 2-орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов