Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Назым Қызайбай халықаралық жиынға кірісті

Назым Қызайбай халықаралық жиынға кірісті

Қазақстандық боксшы, әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай Азия чемпионатына дайындық аясында халықаралық оқу-жаттығу жиынына кірісті.

Оқу-жаттығу жиыны Алматы облысындағы Олимпиадалық резерв орталығында өтіп жатыр. Қазақстан құрамасымен бірге бұл жиынға Ресей, Түркия, Германия, Швеция және Швейцария құрамалары да қатысуда.

Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жаттығудан фото жариялап, қысқа ойымен бөлісті:

— «Әлем біздің іс-әрекетімізді көреді, сөзімізді естиді, бірақ шын мәнінде не сезінетінімізді тек өзіміз ғана білеміз», — деп жазды Қызайбай.

Бұған дейін әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин команданың халықаралық жиынға кіріскенін хабарлаған еді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының басты мақсаты — 2026 жылы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтетін Азия чемпионатына дайындық.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»