Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Головкиннің жаттықтырушысы тарихи бокс залын тізгіндеді

Головкиннің жаттықтырушысы тарихи бокс залын тізгіндеді

Америкалық маман Джонатон Бэнкс Детройттағы әйгілі Kronk Gym бокс залының бас бапкері болып тағайындалды. Ол 2019 жылдан бері қазақстандық экс-чемпион Геннадий Головкин мен жұмыс істеген болатын.

Аталған залды бұған дейін аты аңызға айналған бапкер Эмануэль Стюард басқарған. Оның жетекшілігімен көптеген әлем чемпиондары тәрбиеленді. Олардың қатарында Томас Хирнс, Хулио Сезар Чавес, Насим Хамед, Эвандер Холифилд, Леннокс Льюис және Владимир Кличко бар.

Джонатон Бэнкс — Эмануэль Стюардтың шәкірті. Ол Головкиннен бөлек, Владимир Кличко, Диллиан Уайт, Крис Юбэнк кіші және қазақстандық боксшы Али Ахмедовпен де жұмыс істеген.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»