1 күн бұрын
Қазақстандық боксшы шеттетуден кейін рингке қайта оралмақ
Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов келесі жекпе-жегін 28 наурыз күні Тараз қаласында өткізеді.Қазіргі уақытта қарсыласы әлі анықталған жоқ.
Бұл кездесу Бекбауов үшін кәсіби рингтегі үшінші жекпе-жек болмақ. Ол бұған дейінгі кездесуін желтоқсан айында Алматыда өткізіп, өзбекстандық Хасанбой Мирзахамраевты техникалық нокаутпен жеңген еді.
Айта кетейік, бұған дейін боксшы антидопинг ережелерін бұзғаны үшін екі жылға дисквалификация алған. Алайда бұл жаза тек әуесқой бокстағы өнер көрсетуіне қатысты.
Еске салсақ, Дулат Бекбауов 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2022 жылғы Азия чемпионы болып табылады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»