1 күн бұрын
Боксшыларымыз Montenegro Cup турниріне қатысып жатыр
Қазақстан құрамасының спортшылары 15-21 наурыз аралығында Черногорияның Будва қаласында жалғасып жатқан турнирде жұдырықтасуда, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл бәсекеде Украина, Қырғызстан, Польша, Аустрия, Мексика, Сербия, Косово, Черногория, Германия, Молдова, Македония, Грекия, Бельгия, Әзербайжан, Албания, Словакия, Хорватия, Босния және Герцеговина елдері 20 салмақта жүлдені сарапқа салып жатыр.
Қазақстан сапынан әйелдер арасында Гүлназ Бөрібаева (48 келі), Жансая Рахымберді (51 келі), Томирис Мырзақұл (54 келі), Әсем Таңатар (65 келі), Анастасия Баязитова (70 келі), Жібек Жарасқызы (80 келі) ел намысын қорғаса, ерлер арасында Ағажан Қадыр (70 келі) мен Салауат Тлекбай (80 келі) жұдырықтасады.
Финалдық жекпе-жектер 21 наурызға жоспарланған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов