Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

Бақыт Сәрсекбаев жасөспірімдер арасындағы Олимпиадаға кім баратынын айтты

Бақыт Сәрсекбаев жасөспірімдер арасындағы Олимпиадаға кім баратынын айтты

Бокстан жастар құрамасының бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев Futures Cup турнирі бойынша Олимпиаданың жолдамасы қалай үлестірілетінін айтты, деп хабарлайды Sport12.kz

«Ал құрамды федерация және бапкерлер штабымен бірлесе отырып жасақтаймыз. Кімді жіберу керектігі олимпиадалық циклдегі нәтижелерге байланысты белгілі болады. Алда әлі Азия және әлем чемпионаты бар. Негізгі іріктеу сол жарыстардың қорытындысы бойынша жасалады. Оның үстіне, Олимпиада бағдарламасына барлық салмақ дәрежелері кірмеуі мүмкін. Қай салмақтар енгізілетіні де ХОК шешіміне байланысты.

Біздің басты мақсатымыз - желтоқсан айында өтетін әлем чемпионаты. Сол жерде Олимпиадаға баратын негізгі құрам айқындалады», - деді бапкер.

Айта кетейік, Таиландтағы турнирге 78 ел қатысып, Қазақстан құрамасы 4 алтын, 4 күміс, 3 қоламен жалпы есепте 2-орынға тұрақтаған еді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»