3 күн бұрын
Бокстан World Boxing ұйымының әлемдік рейтингісі жаңартылды
World Boxing ұйымы әйелдер және ерлер арасындағы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz
Әйелдер арасында Аида Әбікеева 65 келіде, Наталья Богданова 70 келіде бірінші орында.
Назым Қызайбай мен Алуа Балқыбекова екінші, Виктория Графеева мен Елдана Талипова үшінші орында.
Ерлер арасында Санжар Тәшкенбай 50 келіде, Махмұд Сабырхан 55 келіде, Төрехан Сабырхан 70 келіде, Айбек Оралбай 90+ келіде әлемдік рейтингте көш бастап тұр.
Ал, Нұрбек Оралбай екінші орынға орналасқан.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов