Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Оралбай әлемдік рейтингтің үздік үштігіне енді

Оралбай әлемдік рейтингтің үздік үштігіне енді

Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай әлемдік бокстағы жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қазақстандық боксшы World Boxing ұйымының жаңартылған рейтингінде аса ауыр салмақ дәрежесінде (90 кг және одан жоғары) үшінші орынға көтерілді.

Оралбай өз дивизионында сенімді түрде бірінші орында тұр, ал жалпы әлемдік рейтингте 1487,5 ұпай жинап, үздік үштікке енді. Рейтинг көшін Өзбекстан өкілдері Абдумалик Халоков (60 кг) пен Асадхужа Муйдинхужаев (65 кг) бастап, 2125 ұпайдан жинап, бірінші орынды өзара бөлісуде.

Қазақстандық боксшылар үздік ондықта тағы да көзге түсті: Санжар Ташкенбай (50 кг) бесінші, Махмуд Сабырхан (55 кг) алтыншы орынға жайғасты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлемдік бокста өз позициясын нық ұстап, жетекші елдердің қатарында екенін тағы бір мәрте көрсетті.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»