Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

9 сағат бұрын

Ирландиялық боксшы Конлан рингпен қоштасты

Ирландиялық боксшы Конлан рингпен қоштасты

Ирландиялық боксшы, бұрынғы әлем чемпиондығына үміткер Майкл Конлан (20-4, 10 КО) күтпеген жеңілістен кейін кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

Белфастта (Солтүстік Ирландия) өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Конлан WBC International белбеуі үшін жеңіл салмақта жеңілмеген Кевин Уолшпен (20-0, 10 КО) қолғап түйістірді.

Он раундқа созылған тартысты кездесу қорытындысында төрешілердің екіге жарылған шешімімен жеңіс Уолшқа берілді — 96-94, 96-94, 93-97.

Жекпе-жектен кейін Конлан мансабын аяқтайтынын жариялады. Оның айтуынша, бұл кездесуде жеңіске жету үшін жеткілікті деңгейде өнер көрсете алмаған.

Айта кетейік, Майкл Конлан әуесқой бокста әлем және Еуропа чемпионы атанып, Олимпиада ойындарының жүлдегері болған.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»