Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Александр Усик жаңа қызметке тағайындалды

Александр Усик жаңа қызметке тағайындалды

Аса ауыр салмақтағы қазіргі әлем чемпионы УПЛ-дің житомирлік «Полесье» футбол клубының бірінші вице-президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz

Бұған дейін ол осы клубқа шабуылшы ретінде тіркелген болатын.

«Мен жаңа кезеңді «Полесье» футбол клубының бірінші вице-президенті ретінде бастаймын», — деп жазды ол әлеуметтік желіде.

«Мен әрқашан айтатынмын: күш — тәртіпте, адалдықта және командада. Бұл қағидалар менімен бірге осында да сақталады. Менің алғашқы бағыттарымның бірі — Украинадағы төрешілік реформасы болады. Ойынның негізі ашықтық пен әділдік болуы тиіс деп сенемін», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Александр Усик қазіргі сәтте кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақтағы ең ықпалды спортшы болып тұр.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»