Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатына дайындалады

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатына дайындалады

Фото: Қазақстан ҰОК

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Сайдалин федерацияның баспасөз қызметіне берген сұхбатында айтты.

"Алматы облысында кезекті оқу-жаттығу жиынына кірістік. Бұл – Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына қорытынды дайындығымыз. Бұл жолы бізге Ресей, Түркия, Германия, Швеция, Швейцария боксшылары қосылды.

Бірлесе нәтижелі жаттығу жиынын өткіземіз деген жоспар бар. Алда әйелдер құрамасын бірнеше халықаралық жарыс күтіп тұр: Азия чемпионаты, Финляндиядағы халықаралық турнир және Әлем кубогының алғашқы кезеңі", - деді бас бапкер.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»