Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Қазақстан боксшылары америкалық мектептен тәжірибе алуда

Қазақстан боксшылары америкалық мектептен тәжірибе алуда

Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы Талғат Шайкен әлеуметтік желіде халықаралық оқу-жаттығу жиынынан видео жариялады.

Жаттығу жиыны Түркістан облысындағы «Алма-Тау» кешенінде өтуде. Бейнежазбада қазақстандық боксшының америкалық бапкер Кристофер Камачомен жеке жұмыс жасап жатқаны көрсетілген. Шетелдік маман жас спортшымен тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби кеңестерін берген.

Айта кетейік, Талғат Шайкен әуесқой және кәсіби боксты қатар алып жүр. Оның кәсіпқой рингтегі көрсеткіші — 10 жеңіс (6 нокаут) және бірде-бір жеңіліс жоқ. Сондай-ақ ол WBC Youth нұсқасы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы атанған.

Америкалық Камачо бауырлары жекпе-жек әлемінде кеңінен танымал. Олар кезінде Геннадий Головкин, Хабиб Нурмагомедов және Даниэль Кормье сияқты жұлдыздармен жұмыс істеген.

Қазіргі таңда шетелдік мамандар Қазақстан құрамасын Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына дайындауда.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»