6 сағат бұрын
Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясында жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Серік Сапиевтің инстаграм парақшасы
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.
Серік Жұманғалиұлы Сәпиев 1983 жылы дүниеге келген. Бокстан Олимпиада ойындарының жеңімпазы. Екі дүркін әлем және Азия чемпионы. ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. Парасат орденінің, Вэл Баркер Кубогінің иегері.
Қазақстан бокс федерациясы Президентінің боксты дамыту жөніндегі кеңесшісі қызметінде Серік Сәпиев бокс құрамаларының нәтижесін жақсарту, спорт түрін дамыту бойынша жүйелі жұмыс пен Олимпиада ойындарындағы жоғары жетістік жолында жұмыс атқарады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»