5 сағат бұрын
Әлем чемпионы Төрехан Сабырхан 2026 жылдағы басты жоспарын атады
Бокстан жастар және ересектер арасында әлем чемпионы Төрехан Сабырхан биыл жазғы Азия ойындарында чемпион болу мақсатын көздеп отыр, деп хабарлайды Sport12.kz
Ол World Boxing ұйымының сауалнамасына жауап берген. Онда боксшы өзінің спорттық мансабына ағасы Махмұд Сабырхан әсер еткенін айтқан. Сондай-ақ ол кумирі ретінде Джеки Чанды атаған.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан 29 наурыз - 10 сәуір аралығында Моңғолияда өтетін Азия чемпионатында 70 келіде ел намысын қорғайды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов