17 сағат бұрын
Әли Бауыржан келесі кәсіби жекпе-жегін өткізеді
Қазақстандық кәсіби боксшы Әли Бауыржан (1-0, 1 КО) келесі жекпе-жегін 28 наурызда Тараз қаласында өткізеді.
Жекпе-жекті ұйымдастырушылар RD Promotion компаниясының мәліметінше, ол рингте Тәжікстан өкілі Раджабой Ахмедовпен кездеседі. Бұл Раджабой үшін кәсіби бокстағы дебюттік жекпе-жек болады. Кездесу екінші орта салмақ категориясында төрт раундқа жоспарланған.
Әли Бауыржан кәсіби бокстағы дебютін осы жылдың қаңтар айында Өскеменде өткізді. Ол өзотандасы Жалғас Самалбековты жеңді, ал Жалғас үшін бұл да кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жек болды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»