15 сағат бұрын
Елнұр Сүйінбайдың қарсыласы ауысты
Қазақстандық боксшы Елнұр Сүйінбай (1-0, 0 КО) 28 наурызда Таразда өтетін жекпе-жекке жаңа қарсылас алды.
Бастапқыда Сүйінбай Өзбекстан өкілі Ұлықбек Қаюмбоевпен (6-1, 5 КО) жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда жекпе-жекті ұйымдастырушы Irfin Promotions қарсыластың ауысқанын мәлімдеді. Енді қазақстандық боксшы әзербайжандық Фарид Әлиевпен (3-0, 1 КО) кездеседі. Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтеді.
Елнұр Сүйінбай кәсіби рингтегі дебютін өткен жылдың шілде айында Алматыда өткізді. Ол қырғызстандық Жарқынбек Жақыпбекұлын (1-6, 0 КО) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген еді.
Ал Фарид Әлиев 2022 жылдан бері жекпе-жек өткізбеген. Соңғы кездесуінде ол Бакуде отандасы Рамазан Бабаевты (1-8-1, 1 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»