Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Қазақстан әйелдер құрамасының алғашқы қарсыластары жарияланды

Қазақстан әйелдер құрамасының алғашқы қарсыластары жарияланды

Қазақстан әйелдер құрамасының боксшылары Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтетін 2026 жылғы Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыластарын білді.

48 келіде Айгерім Саттыбаева өзбекстандық Сабина Бобокуловаға қарсы жұдырықтасады. 51 келіде Жазира Урақбаева Солтүстік Корея өкілі Кум Бёл Анмен кездеседі.

54 келіде Элина Базарова үндістандық Притимен қолғап түйістірсе, 57 келіде Ұлжан Сәрсенбек Таиланд өкілі Пунрави Руенрос пен вьетнамдық Хьен Тран Нгуен жұбының жеңімпазымен жекпе-жек өткізеді.

60 келіде Римма Волосенко Үндістан боксшысы Приямен шаршы алаңға шығады. 65 келіде Лаура Есенгелді Анкушита Боромен (Үндістан) кездеседі.

70 келіде Бақыт Сейдиш Оңтүстік Корея спортшысы Суджин Сон мен Қытай өкілі Алимире Абудурейиму арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен қолғап түйістіреді.

75 келіде Валентина Хальзова оңтүстіккореялық Суён Сонмен жұдырықтасады. 80 келіде Надежда Рябец үндістандық Пуджа Ранимен кездессе, +80 келіде Дина Исламбекова өзбекстандық Олтиной Сотимбоеваға қарсы шығады.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында өтеді.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»