Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы алғашқы қарсыластарын білді

Қазақстан құрамасы алғашқы қарсыластарын білді

Қазақстан ерлер құрамасының боксшылары Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтетін 2026 жылғы Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыластарын білді.

50 келіде Санжар Тәшкенбай қырғызстандық Бекзат Эргешов пен үндістандық Вишванат Суреш арасындағы жекпе-жек жеңімпазымен кездеседі. 55 келіде Махмұд Сабырхан иорданиялық Махди Аль-Машалех пен өзбекстандық Шахзод Музаффаровтың біріне қарсы шығады.

60 келіде Оразбек Асылқұлов филиппиндік Пол Джулифер Басконмен жұдырықтасса, 65 келіде Ертұған Зейнуллинов Тайвань өкілі Ю Линьмен кездеседі.

70 келіде Төрехан Сабырхан оңтүстіккореялық Ён Су Ким мен тәжікстандық Шамшер Саидов жұбының жеңімпазымен қолғап түйістіреді. 75 келіде Сабыржан Аққалықов жапониялық Таигa Ягимен күш сынасады.

80 келіде Ерасыл Жақпеков қырғызстандық Сагын Сатыбалды уулу мен өзбекстандық Фазлиддин Эркинбоев арасындағы кездесудің жеңімпазымен жекпе-жек өткізеді.

85 келіде Нұрбек Оралбай моңғолиялық Бариахаан Дорж бен иорданиялық Мохаммад Сулейманның біріне қарсы шығады. 90 келіде Сағындық Тоғамбай қытайлық Хань Сюэчжэньмен жұдырықтасады.

Ал аса ауыр салмақта Айбек Оралбай моңғолиялық Бекнур Хали мен өзбекстандық Арман Маханов арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында өтеді.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»