25.06.2023
Астанада бокстан ЕЛОРДА КУБОГІ-2023 өтеді

Махмұд Сабырхан
27 маусым-2 шілде аралығында Астанада көптен күткен ELORDA CUP-2023 жарысы өтеді.
Спорттық додада Өзбекстан, Үндістан, Жапония, Қытай, Түркіменстан, Тайланд, Моңғолия, Бахрейн, Тәжікстан, Сербия және Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамаларының 200-ден астам былғары қолғап шеберлері бақтарын сынайды.
Турнирге Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен Әлем чемпиондары қатысады.
Еlorda cup халықаралық турнирі Астана қ. Beeline Arena ұлттық теннис орталығында (Тұран даңғылы, 4/2) өтеді.
