25.06.2023
Александр Бублик АТР рейтингінде 21 сатыға жоғары көтерілді

Александр Бублик
Қазақстандық теннисші Александр Бублик жаңартылған ATP рейтингіндегі орнын айтарлықтай жақсартты.
48-орында тұрған Бублик Галледе (Германия) өткен турнирде жеңіске жеткеннен кейін 27-орынға көтеріледі. Бұған дейін ATP рейтингіндегі қазақстандықтың ең жоғары позициясы 30-орын болатын.
Еске салайық, Галледе өткен турнирде Александр Бублик хорватиялық Борна Чоричті (14-орын) – 6:3, 6:1, германиялық Ян-Леннард Штруфты (21-орын) – 6:3, 6:7, 6:3, италиялық Янник Синнерді (9-орын) - 7:5, 2:0 (қарсыласы бас тартты), германиялық Александр Зверев (22-орын) - 6:3, 7:5 және ресейлік Андрей Рублевті (7-орын ) - 6:3, 3 :6, 6:3 есебімен ұтқан болатын.
