26.06.2023
Александр Бублик: «Бұл турнирді жеңетінімді ешқашан елестеткен емеспін»

Александр Бублик
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Галледе (Германия) өткен турнирдің финалында ресейлік Андрей Рублевті жеңгеннен кейін өз эмоцияларымен бөлісті.
«Бұл мен үшін бүкіл әлемді білдіреді. Мен бірнеше жылдан бері күресіп келемін. Мен осы жердегі кішкентай Даңқ залын аралап жүріп, өзім танитын жігіттердің есімдерін көрдім. «Уау, бір күні осында менің атым жазылса, жақсы болар еді» деп армандадым. Бірақ мен бұл турнирді жеңетінімді ешқашан елестеткен емеспін, сондықтан өте қуаныштымын!
Мен өз командама, бапкеріме алғыс айтқым келеді - сізбен ұзақ уақыт бірге болғаныма қуаныштымын. Сондай-ақ достарыма, анама, әйеліме және ұлыма алғысым шексіз. Әрқашан менімен бірге болғаны үшін, мені қолдағаны үшін рахмет! Сондай-ақ турнирді ұйымдастырушыларға және оған атсалысқандардың барлығына алғыс айтамын. Иә, мен трибунада Қазақстанның бірнеше жалауын көрдім – мені қолдауға келгендеріңізге рахмет!» - деді Бублик.
Турнирде жеңіске жеткені үшін қазақстандық теннисші 410 мың еуроға (200 миллион теңгеден астам) ие болып, әлемдік рейтингте 26-орынға көтерілді.
