2 сағат бұрын

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшелерінің Азия чемпионатына дайындығы қалай

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшелерінің Азия чемпионатына дайындығы қалай

Фото: Қазақстан ҰОК

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының мүшелері Махмуд Сабырхан мен Айбек Оралбай Моңғолияның Улан-Батор қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатына дайындық барысы жөнінде әңгімелеп берді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде олар Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметіне берген сұхбатында айтты.

Махмуд Сабырхан (55 келі) құрлықтық додаға дайындық барысы жоғары деңгейде өткенін тілге тиек етті.

- Алдымен біз Түркістан облысында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Дайындық барысында олар алдағы Азия чемпионатына дайындық жүргізеді. Халықаралық деңгейдегі жаттығу жиынына Өзбекстан, Түркіменстан, Германия, Түркия құрамалары келді. Дайындығымыз өте керемет өтті. Жақсы жекпе-жек өткізе алдық. Енді алдағы күндерде сол дайындық барысын іс жүзінде дәлелдейтін боламыз. Мен бұған дейін 2019 жылы Моңғолияда жастар арасында Азия чемпионатында бақ сынаған едім. Сол жолы құрлықтық дода жеңімпазы атандым. Ендігі мақсатым - сондай биіктен тағы бір мәрте көріну. Қарсыластың осалы жоқ. Олардың арасында Өзбекстан, Жапония, Үндістан, Қытай, Моңғолия боксшылары бар. Біз бұл елге ерте келдік. Бұл елдің уақыты мен климатына бейімделе алдық, - деді Махмұд Сабырхан.

Сондай-ақ ұлттық құраманың тағы бір мүшесі Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) құрлықтық додаға дайындығы жөнінде әңгімелеп берді.

- Моңғолияға келгенімізге үш-төрт күн уақыт болды. Жеребе арқылы қарсыластарымызды анықтадық. Ұлттық құрама мүшелері мұндай жарысқа алғаш рет қатысып отырған жоқ. Мен мұндай бәсекеге үшінші мәрте қатысып отырмын. Ендігі кезекте барымызды салып, командалық есепте көш бастауды алдымызға мақсат етіп отырмыз. Мен қазірге дейін қарсыластарымның барлығымен жекпе-жекке шығып үлгердім. Азия чемпионаты қыркүйек айында өтетін Азия ойындарына дайындық іспеттес. Құрлықтық додада жеңімпаз атансам елімізде Азия чемпионы атағын жеңіп алған үшінші боксшы боламын. Ал бас бапкеріміз Нұржан Насанов - біз үшін бұрыннан таныс. Сондықтан алдағы жарыста жоғары деңгейде ойын көрсете аламыз деген ойдамын, - деді Айбек Оралбай.

Алдағы Азия чемпионатында Махмұд Сабырхан мен Айбек Оралбайдан өзге ел құрамасында Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Ертуған Зейнулинов (65 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) сынға түседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын Нұржан Нысанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының Азия чемпионатына дайындығын айтып берді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»