26.06.2023
Елена Рыбакинаның Англиядағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

Елена Рыбакина
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 3-ші орын) Англияның Истборн қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/16 финалында бақ сынайды.
Елена турнирдегі алғашқы ойынын қытайлық Ся Ванға (75) қарсы өткізеді. Матч 26 маусым күні Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Айта кетейік, Истборндағы турнирдің жүлде қоры 790 мың еуродан асады. Жеңімпаз 110 мың еуро мен 250 ұпайға ие болады.
