4 сағат бұрын
Төрехан Сабырхан Азия чемпионатындағы мақсатын атады
2025 жылғы бокстан әлем чемпионы, қазақстандық Төрехан Сабырхан Моңғолияда басталған World Boxing нұсқасы бойынша Азия чемпионатындағы дайындығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport12.kz
«Моңғолиядан бүкіл Қазақстанға сәлем! Дайындық өте жақсы жүріп жатыр. Бәрінің көңіл-күйі көтеріңкі. Салмақ жағынан ешқандай мәселе жоқ. Барлығы керемет, жекпе-жектерімізді күтіп жүрміз», — деді Төрехан Сабырхан.
Сондай-ақ боксшы Азия чемпионатындағы басты қарсыластарын атады.
«Турнирге Иорданиядан Ишайш пен Жапониядан Окадзава келді. Олар Ливерпульде өткен әлем чемпионатында да жұдырықтасқан. Олар турнир кестесінің өзге бөлігінде, ал мен басқа бөлігіндемін. 69–70 келі әрдайым қазақтардың салмағы болған. Жеңіс үшін күресемін», - деп спортшы өз ойын түйіндеді.
Зеяд Ишайш 2025 жылы Ливерпульде өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанса, жапониялық Севон Окадзаваны Төрехан Сабырхан сол турнирдің финалында жеңген еді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов