2 сағат бұрын
Бокстан 2 cәуір күні Азия чемпионатында кім шығады?
Ертең ерлер құрамасы сапынан әлем чемпионатының қола жүлдегері, 65 келідегі Ертуған Зейнуллинов бірінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Оның қарсыласы тайпейлік Ю Лин болмақ.
Тайпей өкілі 2021 жылы Белградтағы (Сербия) жаһандық додада 67 келіде сынға түсіп, алғашқы айналымда Абылайхан Жүсіповтен есе жіберген.
2025 жылы Ливерпульдегі әлем чемпионаты мен Үндістандағы әлем Кубогына қатысқан.
Ал Ертуған Зейнуллинов өз мансабында алғаш рет сары құрлықтың бәсекесінде дебют жасайды.
Жекпе-жектер Қазақстан уақытымен таңғы 9:00-де басталады және Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов