2 сағат бұрын

Бокстан Азия чемпионатының кезекті күнінде кімдер шаршы алаңға шығады?

Бокстан Азия чемпионатының кезекті күнінде кімдер шаршы алаңға шығады?

3 сәуір күні Ұланбатырдағы сары құрлықтың додасында екі отандасымыз шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Sport12.kz

Әлем чемпионы, 70 келідегі Төрехан Сабырхан ширек финалда қазақ боксшыларына жақсы таныс, Шамшиер Саидовпен жұдырықтасады. Тәжікстан боксшысы 2023 жылы «Елорда Кубогында» Елнұр Сүйінбай, Темірхан Тезек, Нұрқадам Әбдіреш сынды өкілдерімізді жеңіп, топ жарған.

Кешкі сессияда 2 дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан жарыс жолын бастайды.

Оның қарсыласы жастар арасында әлем чемпионы, Өзбекстан спортшысы Шахзод Мұзафаров болмақ. Қос боксшы бұған дейін Азия чемпионаты мен «Елорда Кубогында» 3 мәрте жолығып, барлығында отандасымыз басым түсті.

2024 жыл. Азия чемпионаты. Финал

Махмұд Сабырхан - Шахзод Мұзафаров - 4:1

2022 жыл. Азия чемпионаты. Жартылай финал

Махмұд Сабырхан - Шахзод Мұзафаров - 5:0

2022 жыл. «Елорда Кубогы». Жартылай финал

Махмұд Сабырхан - Шахзод Мұзафаров - 5:0

Күндізгі сессия таңғы 9:00-де, кешкі сессия 14:00-де басталады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»