1 күн бұрын

Қазақстандық боксшы Прагада жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Прагада жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов (17-2, 8 КО) 18 сәуір күні Прагада (Чехия) өтетін жекпе-жектегі қарсыласын білді.

Отандасымыз шаршы алаңда словакиялық Лукаш Пасторекпен (4-3, 4 КО) кездеседі. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған және жартылай орта салмақта өтеді.

Дәулет Дәукенов соңғы кездесуін өткен жылдың 17 қазанында Алматыда өткізіп, ирандық Хашаяр Гассемиді (17-8, 16 КО) бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Ал Лукаш Пасторек соңғы рет 7 наурызда Чехияның Брно қаласында жекпе-жек өткізіп, жергілікті боксшы Милош Беранекке (17-4-1, 8 КО) мерзімінен бұрын жеңіліп қалды. Осылайша, оның қатарынан төрт нокаутпен жеңіс сериясы үзілді.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»